Түркістан облысы мен Шымкентте мешіттер сүріледі

0
2 522

Бұл мәселе дін қызметкерлері, дін істері және құрылыс басқармалары қатысқан кеңесте талқыланды


Түркістан облысы мен Шымкентте мешіттер сүріледі

фото: Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Мешіттердің құрылысы мемлекет назарына ілікті, деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk-uko.kz арнасына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, заң талаптарына қайшы салынған мешіттер сүрілетін болды. Бұл мәселе дін қызметкерлері, дін істері және құрылыс басқармалары қатысқан кеңесте талқыланды. Бірақ, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы 800-ге жуық мешіттердің қайсысы заңды, қайсысы заңсыз екені әлі анықталмаған.

Сондай-ақ, соңғы 3 жыл көлемінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 8 мешіттің құрылысына рұқсат етілген, қалғаны заңсыз болып есептеледі. Осыған байланысты сәуір айында құрылысты регламенттейтін жаңа нормалар қабылданған болатын. Шешім бойынша мектептен 300 метр қашықтықта орналасқан барлық мешіттер сүріледі.

«Түркістан облысы мен Шымкентте 800-ден астам мешіт бар. Бірақ олардың көбісі бос қалып жатады. Оның себебі адам санының жетпеуі немесе құрылыс нормасының сақталмауы. Ол мешіттерге ешкім бармайтындықтан, біз ол мешіттерді ғибадатханаға айналдыратын боламыз», - дейді Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Самат Сапарбаев.

Сонымен қатар, кеңессоңында шенеуніктер мецанттардан қандай да бір құрылыс кезінде нормаларды сақтауларын өтінді.