ТҮРКІСТАН: Жол жиегінен табылған екі жасар қыз бала анасына табысталды

0
700

Қараусыз қалған бүлдіршін үйінен шығып кеткен.


ТҮРКІСТАН:  Жол жиегінен табылған екі жасар қыз бала анасына табысталды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы полиция лейтенанты Палходжаев Берік жол бойында 2 жас шамасындағы қызды тауып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен тапсырды.

2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне шексіз алғысын білдірді.

Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде, қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларды жеке өзін ешқайда шығармауды, қараусыз қалдырмауды ескертеді.