​Түркістанда баспана қымбаттауы мүмкін - Азат Перуашев

0
1 652

Сонымен бірге, Азат Перуашев аймақта баспана бағасы көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.


​Түркістанда баспана қымбаттауы мүмкін - Азат Перуашев

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары Түркістан облысын құрып, Шымкентті республикалық маңызы бар қала ретінде бекіту туралы президент шешімін тарихи оқиға деп атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сонымен бірге, Азат Перуашев аймақта баспана бағасы көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.

"Иә, солай болатын шығар, Түркістан қаласында жылжымайтын мүлік құнында өзгерістер болады. Бұл мемлекеттік органдардың көшуі, адамдардың онда барып, пәтер, қонақүй жалдауына байланысты болады. Дегенмен жалпылай Астананың тәжірибесі бойынша түсінуіміз керек, мұндай ауысулардың қандай болатынын. Түркістанда баспана құрылысына үлкен ықпал болады. Сондықтан бұдан барлығы ұтады", - дейді Перуашев Түркістан облысы тұрғындарын құттықтай отырып.