Түркия ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды

0
518

Оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болған.


Түркия ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды

ERNUR.KZ. Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлім етті.

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг -747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.