Түркияда тұратын қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады

0
595

Бұл көмекті ұйымдастыруды белгілі айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева ұсынған.


Түркияда тұратын қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады

ERNUR.KZ. Ұйымдастырушыларға Стамбулдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері де көмектескен, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз кеше ақша жинауды бастадық. Түнге дейін 25 млн теңге жиналды. Бірден супермаркетке барып, осы қаражатқа азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алдық. Бәрін жүк көлігіне тиеп, Кахраманмараш қаласына жібердік. Қаражат жинау дереу жабылды. Алайда, бей-жай қарамайтын азаматтар қаражат жіберуін тоқтатпады. Осылайша, тағы 9 млн теңге жиналды. Оған балалар тамағын сатып алуды жоспарлап отырмыз", - деді "Шаңырақ" мейрамханасының иесі Данияр Иманбеков.

Еске сала кетсек, қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, қызметтік иттер бар.