Түркиядағы «Яшар Догу» турнирінде қазақстандық балуан чемпион атанды

0
368

​Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» турнирі басталды.


Түркиядағы «Яшар Догу» турнирінде қазақстандық балуан чемпион атанды

ERNUR.KZ. Бірінші жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары белдесті, деп жазады Olympic.kz.

55 келіде финалда белдескен Аманғали Бекболатов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында түркиялық Адем Бурак Ұзынмен кездесіп, 5:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осы салмақтағы Марлан Мұқашев қола жүлде үшін күресте қарсыласына жол берді.

60 келі салмақта қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды. Ол финалда түрік балуаны Экрем Өзтүркті жеңген. Ернардың бауыры Ернұр Фидахметов осы салмақта қола жүлдегер атанды.

63 келіде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Ғалым Қабдыназаров жүлдеге іліккен жоқ.

67 келідегі Мейіржан Шермаханбет турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Ол жартылай финалда норвегиялық Мортен Торренсоннан жеңілген. Сұлтан Әсетұлы мен Данияр Қаленов алғашқы айналымдарда ұтылған.

87 келідегі Умалт Даудов қола жүлде үшін күресте түркиялық балуанға есе жіберсе, 97 келідегі Умаев та қола медальдан айырылып қалды.