Түрме қызметкерлері көмектеспеді: Солтүстік Қазақстан облысында қылмыскер соққыға жығылып қаза болды

0
976

Оқиға Айыртау ауданында орналасқан қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде болған.


Түрме қызметкерлері көмектеспеді: Солтүстік Қазақстан облысында қылмыскер соққыға жығылып қаза болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде сотталушы көз жұмды. Оны біреу ұрып өлтірген. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Айыртау ауданында орналасқан қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде болған. Бір адам белгісіз затты қолына ұстап, екінші адамның басынан ұрып құлатады. Онан кейін де бірнеше рет соғады.

Ал сол жерде тұрған колония қызметкері оларды айыруға тырыспайды. Сотталушыны ұрған адам сыртқа шығып кетеді. Сол уақытта ғана күзетшілер қимылдай бастаған.

Жәбір көрген 46 жастағы азамат аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты толық ақпарат беруден бас тартып отыр.

Бұл оқиға ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Күдікті Айыртау ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр”, – деді СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінде.