Түрмеде жазасын өтеушінің өлімі бойынша әскери қызметшінің үстінен іс қозғалды

0
764

Түрмеде жазасын өтеушілердің арасында жанжал болып, бірі екіншісін басынан ұрып өлтірген.


Түрмеде жазасын өтеушінің өлімі бойынша әскери қызметшінің үстінен іс қозғалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда №51 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушінің өліміне қатысты әскери қызметшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады exk.kz.

Ведомство дерегінше, "Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу" бабымен қылмыстық істі әскери полиция қозғаған.

"№51 түзеу мекемесінде сотталған В.М.Стельмахты өлтіру кезінде аймақта қадағалауды жүзеге асырған 5510 әскери бөлімінің қызметшісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 448-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", делінген ведмство жауабында.

Еске салайық, түрмеде жазасын өтеушілердің арасында жанжал болып, бірі екіншісін басынан ұрып өлтіргені туралы жазған болатын. Бұл сәт сондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиғаны сондағы қарауыл қызметкері көрген, бірақ ешқандай шара қолданбастан кетіп қалған.