Тыңдарманы әнші Қанат Үмбетовке ұрысып тастады

0
1 966

Концерт барысында сөз алған ер адам әншіге өкпесін айтты. Бұл сәтті көрермендер видеоға түсіріп, желіге жариялады.


Тыңдарманы әнші Қанат Үмбетовке ұрысып тастады

Қанат Үмбетовтің концертіне келген тыңдарманы орнынан тұрып әншіге ренішін айтты деп хабарлайды Stan.kz.

Концерт барысында сөз алған ер адам әншіге өкпесін айтты. Бұл сәтті көрермендер видеоға түсіріп, желіге жариялады.

“Біз қазақтың әнін тыңдауға келдік. Оны дискотекаға айналдырмаңдар. Қасыңдағы оққағарларың халықты итеріп, жақындатпай жатыр. Халықты итермесін. Сен өз орныңды біл. Біз сені, сахнаны сыйлап келдік.Сыйлағанды сыйлау керек. Артық кетсем кешіріңдер. Бәріңді мерекелеріңмен құттықтаймын”, – деді ер азамат.

Тыңдармандар арасында ер азаматты қолдағандар да, қарсы болғандар да бар. Бірі қошемет білдіріп, қолдау танытса, енді бірі “артық кеттіңіз” деп дауыстады.

“Қарияларға өздері сүйсініп демалатын рахаттанатын концетке бару керек”, “Қанат еш оғаш қылық көрсеткен жоқ”, “Кешірім сұрағаннан басқа ешқандай артық ешнәрсе істеген жоқ”, “Қазіргі концерттер жиналыс секілді болып кетті” дейді желі қолданушылары.

Әнші қарияның сөзінен кейін халық алдында кешірім сұрады.