ТЖ кезінде несие қарызы кейінге қалдырылуына байланысты артық төлем көбеюі мүмкін

0
722

Төтенше жағдай кезінде несие бойынша төлемдер үш айға кейінге қалдырылды.


ТЖ кезінде несие қарызы кейінге қалдырылуына байланысты артық төлем көбеюі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда несие бойынша төлемдердің кейінге қалдырылуына байланысты артық төлем көбеюі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова айтты, - деп жазады тengrinews.kz.

Оның айтуынша, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында банктерге норматив-құқықтық актілерді дайындады. Бахмутова барлығының заңды түрде жүріп жатқанын айтады.

"Бұл құжатта несие бойынша төлемдердің үш айға кейінге қалдырылатыны айтылады. Осы кезенде ешқандай да төлем қосылмайды, бірақ бұл қарыздың пайызы кешіріледі деген сөз емес. Яғни қарыздың барлығы пайызбен қосқанда алдағы уақытта толығымен төленеді", - деді Бахмутова.