ТЖД елордада жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді

0
687

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты сабақтар тоқтатылды.


ТЖД елордада жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді

ERNUR.KZ. Елордалық құтқарушылар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс кестесін қайта қарауға кеңес берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының бірден нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады.

Олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.

«Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған жөн. Дегенмен, балабақшалар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салайық, ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордада 0-12 сыныптар үшін бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Сондай-ақ, қаладан шықпауға, қоғамдық көліктермен жүруге кеңес берілді.