ТЖД: өртке адамдар кінәлі болуы мүмкін

0
991

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жүрігізіп жатқан тергеудің алдын ала қорытындыларын мәлімдеді.


ТЖД: өртке адамдар кінәлі болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қорғалжын тас жолының бойындағы өртке от жаққан адамдар кінәлі болуы мүмкін, деп жазады «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жүрігізіп жатқан тергеудің алдын ала қорытындыларын мәлімдеді. Сол себепті мамандар ел азаматтарына қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін ескертіп отыр.

Естеріңізге салайық, кеше түскі сағат үште Талдыкөл маңында қамыс өртене бастады. Өрттің аумағы шамамен алты жарым гектар жерді құрады. «Астана орманы» кәсіпорнының мамандары бұл аумақта жерді жыртып, өртті ауыздамақ болды. Сондай-ақ оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 122 қызметкері мен 30 техника жұмылдырылды. Ал бүгін таңғы сағат 8-де «Қазавиақұтқару» компаниясы осында Ми 8 тікұшағын жіберді. Жақын маңдағы көл терең болмағандықтан, тікұшақ Үркер шағын ауданындағы қоймаға барып, суды сол жақтан әкелуге мәжбүр.

"Таңнан бері өртті ауыздықтау үшін тікұшақпен 40 тонна су құйдық. Өрт сазды жерде басталғандықтан, оны сөндіру қиынға соқты. Ошақтың өзіне төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жолай алмады. Сол себепті біз шет жақтардағы өртті сөндірдік. Қазір елорданың жасыл белдеуіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ." - деді, қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы, Назарәлі Селимов.