Уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұл салынбайды

0
851

Бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды.


Уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұл салынбайды

ERNUR.KZ. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті респонденттерге уақытылы есеп бермегені үшін айыппұл салуды шегерді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай кезінде респонденттерге қатысты ҚР ӘҚК-нің 497-бабы бойынша осы кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалмайды; бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды», делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2020 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті құқық қорғау және фискалдық органдар тарапынан кәсіпкерлерге кез келген қысымды, оның ішінде, әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауды тапсырған болатын.