ҰБТ-да ережелерді бұзған 160 адамның нәтижесі жойылды

0
489

62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.


ҰБТ-да ережелерді бұзған 160 адамның нәтижесі жойылды

ERNUR.KZ. Қаңтарда ҰБТ-да ережелерді бұзған 160 адамның нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылды. Осы жылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ, - деді Емелбаев.

Орталық директорының айтуныша, ҰБТ-ға дайындықты жақсарту мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы оқу жылының басында тестілеу пәнінің спецификацияларын, тест жоспарын, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихынан 100 дата, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті пәндерінен шығармалар тізімін өз сайтында және әлеуметтік желілерінде жариялады.

Сондай-ақ түлектерге www.prob-ent.testcenter.kz. веб-сайтында ақысыз онлайн тестер қолжетімді болған.

Талапкерлер үшін жағдайлар тестілеу кезінде де жасалады. Өткен жылдан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылды. Олар үшін схемалар мен диаграммаларсыз сұрақтар жасалады. Қабылданған шаралардың арқасында қаңтар айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 274 талапкер қатысты, - деді Руслан Емелбеков.