​ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

0
1 624

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.


​ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

ERNUR.KZ. Алдағы уақытта ҰБТ форматы емес, ондағы сұрақтардың мазмұны өзгереді. Олар жаттауға емес, ойлау, талдау қабілетіне бағытталады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Маңызды мәселе – тестілеудің өзгеруі. Бұл ҰБТ мен ОЖСБ-ға қатысты. Педагогтар бізге «жаңартылған білім мазмұнында жаттамау керек, функционалды сауаттылықты, білімді қолдану мен ойлау қабілеттерін арттыру қажет деп айтасыздар. ҰБТ, ОЖСБ өткізген кезде сұрақтарыңыз көбінесе есте сақтауға, ақпаратты жаңғыртуға арналған» деген орынды сқрақтар қояды. Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тестілеудің форматы емес, сұрақтар мазмұны өзгеретін болады. Олар «қашан? қай жылы?» деген сұраққа емес, «қалай? не үшін?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бізге балалардың ойланып, білімін пайдаланып, талдай білгені қажет. Сол себепті форматы емес, тест сұрақтарының мазмұны өзгереді», - деді вице-министр.

Осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов форум барысында оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесін азайту, сондай-ақ мектеп психологтарының санын көбейту туралы айтқан болатын.