Үйленем деп жеті жылға сотталды

0
1 140

Олар шартты түрдегі жазаға кесілген.


Үйленем деп жеті жылға сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қызылордада қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт пен оның сыбайластарына қатысты үкім шықты, деп жазады Zakon.kz.

Аталған оқиға 2018 жылы шілдеде орын алған. Сотталғандардың бірі екі ауылдасымен кездесіп, оларға үйленгісі келетінін және бұрын кездескен бойжеткенді алып қашу туралы ойын айтады. Сөз байласқан үшеу Қызылордаға келген.

Болшақ күйеу жігіт бойжеткен тұратын үйді аңди бастаған. Таңертең қыздың жұмысқа жаяу кетіп бара жатқанын көрген жігіт оған жеткізіп салуды ұсынады, бірақ бойжеткен келіспеген.

- Содан соң ол қызды зорлықпен көлікке отырғызып, олар ауданнан шыға бастайды. Алайда, жылдамдықты асырғаны үшін көлікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Дәл сол сәтте бойжеткен полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Артынша жігіттер қызды зорлықпен алып қашқандары үшін аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Аталған қылмыстық іс Қызылорданың №2 сотында қаралды. Жігіттер ҚР ҚК 125 бабының 2 (адам ұрлау) бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды. Үшеуіне де аталған бапқа сәйкес 7 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді, - деп хабарлады сот өкілдері.