Үкімет басшысы Атамқұловқа жаңа тапсырма берді

0
682

Үкімет басшысы индустрия министрлігіне жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын биылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр қадағалау жасайды.


Үкімет басшысы Атамқұловқа жаңа тапсырма берді

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа тапсырма жүктеді, деп жазады baq.kz.

"Биыл 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды аяқтаймыз. Көріп отырғанымыздай, бірінші "Нұрлы жол" аясында тиімді көлік-логистикалық жүйе құрылды. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстанның аймақтық көліктік-логистикалық хаб құру және Еуропа мен Азия арасындағы трансконтинентальды көпірге айналу тұрғысында қарқынды жұмысты ұйымдастыруда. 2020-2025 жылдарға арналған жаңа "Нұрлы жол" бағдарламасының кезеңі аясында еліміздің көлік-логистикасын құру және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасады", - деді Асқар Мамин.

Осы ретте Үкімет басшысы индустрия министрлігіне жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын биылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр қадағалау жасайды.

"Жалпы бағдарламаның жаңа кезеңдік тәсілдерін, негізгі бағыттарын қолдаймыз. Осыған байланысты индустрия министрлігіне президент әкімшілігімен келіскеннен кейін, жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын биылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді премьер-министр.

Бұған дейін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 16,2 миллионға өскенін және ақылы жолдан жылына 4 млрд теңге кіріс кіретінін айтқан болатын. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымының дамуына қанша инвестиция тартылғаны туралы айтты.