Үкімет басшысы Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты

0
755

Президент тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин жаңадан салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.


Үкімет басшысы Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.

Премьер-министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

нурк1.jpg

«Союз МС-15» пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.