​Үкімет басшысы жұмыссыз жастарды қысқа мерзімді біліммен қамтуды тапсырды

0
1 113

.ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіптік-теxникалық білімге жастарды көптеп тартуды жүктеді.


​Үкімет басшысы жұмыссыз жастарды қысқа мерзімді біліммен қамтуды тапсырды

ERNUR.KZ.ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіптік-теxникалық білімге жастарды көптеп тартуды жүктеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде кәсіптік-теxникалық білім тегін болса да, жастар ондай оқуға көп бара бермейді.

"Мемлекеттік тапсырыс 75 мыңнан 100 мың орынға (грантқа - авт.) дейін ұлғайды. Алайда 14-24 жас аралығындағы жастарды теxникалық және бейінді біліммен қамту төмен болып отыр. Қазір аталған көрсеткіш бар болғаны 17 процентті құрайды. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында – 10 процент, Түркістан облысында – 13,9 процент, Солтүстік Қазақстан облысында – 14,4 процент және Жамбыл облысында – 14,5 процент. Осыған байланысты білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен, сондай-ақ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жұмыссыз жүрген жастарды кәсіптік біліммен қысқа мерзімде, формалды емес және қосымша біліммен қамту бойынша жүйелі шаралар қабылдасын", - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, жоғары оқу орындары мен колледждерде берілетін білім бүгінгі заман талабына сай болуы шарт. Себебі қазіргі білім беру бағдарламалары цифрландыру сияқты маңызды жоспарлармен үндеспей жатады.