ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

0
915

​Түрікменстан азаматтары консулдықтың ресми өтінішіне сәйкес елден шығарылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.


ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputniknews.kz.

"Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі отанына жасырын оралды" деген ақпарат жарияланды. Мақала авторы шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін жазған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығының ресми өтінішіне сәйкес 22 қыркүйекте "Темір баба" өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түрікменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар", - деп нақтылады комитет.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың наурызынан бастап түрікмен тарапы коронавируске байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.