​ҰҚК мен Бас прокуратураға төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттау құқығы берілді

0
1 080

Бұл органдар мыналар


​ҰҚК мен Бас прокуратураға төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттау құқығы берілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда төрт мемлекеттік органға әлеуметтік, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау құқығы берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкімет қаулысына сілтеме жасап.

Бұл органдар мыналар:

  • Бас прокуратура
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  • Ішкі істер министрлігі
  • Қорғаныс министрлігі.

Бұл ведомстволар қаулыға сәйкес, қандай да бір төтенше жағдай тууы немесе қауіп төнген кезде үкіметтік, президенттік және шұғыл қызметтен өзгелердің байланыс құралдарының және желілерінің қызметін тоқтата алады. Құжат 2018 жылы 28 қазанда заңды күшіне енді.