Украиналықтар Димашты Жаңа жылмен ерекше құттықтады

0
1 820

Киевтің орталығында елдің басты шыршасы орнатылған Әулие София соборының қоңырау мұнарасының қасбетіне интерактивті құттықтау ілінді.


Украиналықтар Димашты Жаңа жылмен ерекше құттықтады

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің украиналық жанкүйерлері оны жаңа жылымен құттықтады, деп жазады baq.kz.

Киевтің орталығында елдің басты шыршасы орнатылған Әулие София соборының қоңырау мұнарасының қасбетіне интерактивті құттықтау ілінді. Осылайша украиналық жанкүйерлер Димашты және барша қазақстандықты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Бұл туралы Димаштың украиналық Dears-тің (ред. - Димаштың жанкүйерлері өздерін осылай атайды) бірі Людмила Загоруйко хабарлады.

"Киевте керемет акция өтті! Әулие София соборының қоңырау мұнарасының қасбетіне әр украиналық интерактивті құттықтауын орналастыра алады. Әрине, біз де, dears-тер құттықтауды орналастыруға мүмкіндік алдық. Біз ең бірінші болып Қазақстанды құттықтадық. Иә, иә...Сіз оның есімін фотодан көре аласыз. Көптеген адам жіберді, бірақ бір қатысушыдан ғана фото келді", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.


Интерактивті тақтада украин тілінде «Қазақстан. Димаш. Жақсы көремін! Жаңа жылыңмен! Барлық жамандық артта қалсын!» деп жазылған.