ҰҚШҰ бітімгерлерді марапаттауға арналған медаль тағайындауды ұсынды

0
438

Министрлер ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен ұйым форматындағы дағдарысқа ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.


ҰҚШҰ бітімгерлерді марапаттауға арналған медаль тағайындауды ұсынды

ERNUR.KZ. Минскте ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп жазады sputnik.kz.

Іс-шара Беларусь Қорғаныс министрі генерал–лейтенант Виктор Хрениннің төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының басшылары, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың қатысуымен өтті.
Министрлер ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен ұйым форматындағы дағдарысқа ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.
Отырыс барысында Кеңес талқылап, нақты бекіткен шаралар:
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2024 жылға арналған жоспары;
ҰҚШҰ шеңберінде бірлескен даярлық іс-шараларын жыл сайын жоспарлау үшін негіз болып табылатын 2030 жылға дейінгі іс-шаралар тізбесі;
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2023 жылға арналған жоспарына бірқатар өзгерістер енгізу туралы шешім;
ҰҚШҰ әскерлерінің құрылуын қамтамасыз ету үшін материалдық қорлар туралы ереже және Ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштерін жабдықтау заттарын каталогтаудың мемлекетаралық жүйесінің әдістемелік құжаттары.
Қорғаныс министрлері кеңесі Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесіне ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметіне үлес қосқан адамдарды марапаттау үшін "Бейбітшілікке бірге" медалін жасау туралы құжаттарды ұсынуға шешім қабылдады.
Минскте Жеңіс алаңында салтанатты рәсім өтті, оның барысында ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алып, Жеңіс монументінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.