Ұлттық арнаға жаңа басшы тағайындалды

0
1 647


Ұлттық арнаға жаңа басшы тағайындалды

«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-на жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, өзінің "фэйсбуктағы" парақшасында «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-на басқарма төрайымы етіп Ләззат Танысбайды тағайындағанын жазды.

"Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым.
Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.
Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!!"-
деп жазады министр.