Ұлттық банк 2023 жылға арналған инфляция болжамын өзгертті

0
533

Қаржы реттеушісі базалық мөлшерлеменің өзгеруіне түсініктеме бере отырып, биылғы болжам бойынша жылдық инфляция 20-21 пайыз аралығында болатынын айтты.


Ұлттық банк 2023 жылға арналған инфляция болжамын өзгертті

ERNUR.KZ. Ұлттық банк инфляцияның 2023 жылға арналған жылдық болжамын қайта қарады, деп жазады tengrinews.kz.

Қаржы реттеушісі базалық мөлшерлеменің өзгеруіне түсініктеме бере отырып, биылғы болжам бойынша жылдық инфляция 20-21 пайыз аралығында болатынын айтты.

Ұлттық банк мәліметінше, инфляция жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Қарашада оның жылдық мәні 19,6 пайыз болып, барлық компонент бойынша өскен. Қарашада айлық инфляция біршама баяулаған, бірақ әлі де көпжылдық орташа деңгейден айтарлықтай асып, жоғары мәнде қалып отыр. Бұл ішкі сұраныс орнықты болған кездегі жоғары сыртқы инфляцияға және тұтынушылық тауарлар импортының логистикалық жолдарын жаңа сауда бағыттарына қайта бағдарлаудың жалғасуына байланысты, делінген хабарламада.

"Сыртқы жағдайлар тарапынан монетарлық талаптарды жаппай күшету салдарынан бәсеңдеген әлемдік сұраныс нәтижесінде орта мерзімді кезеңде сыртқы ортаның проинфляциялық факторлары жеңілдейді деп болжанады. Астықтың бітік шығуы инфляцияға қысымның біртіндеп төмендеуіне қосымша фактор болады. Жалпы алғанда, азық-түлік бағасының деңгейі жоғары болып сақталады. Украинадағы әскери қақтығыс – тәуекел факторы болады", - делінген хабарламада.

Көрсетілген факторлар ескеріле отырып, инфляцияның болжамы қайта қаралған. Базалық сценарийде биыл болжам бойынша жылдық инфляция 20-21 пайыз деңгейінде қалыптасады. Бағалау бойынша инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың 1-тоқсанында болады деп болжанады. Жоғары инфляциялық күту және дезинфляциялық сыртқы орта кезінде сауданы құрылымдық қайта құру нәтижесінде 2023 жылға инфляция бойынша болжам 11-13 пайызға дейін көтерілген. 2024 жылы ішкі сұраныстың өсуі және күтудің мейілінше баяу төмендеуінен инфляция 7-9 пайыз шегінде болжанады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтергені белгілі болған еді.