Ұлттық банк басшысы доллардың не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірді

0
468

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,9%-ға әлсіреді.


Ұлттық банк басшысы доллардың не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірді

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгенің әлсіреп, доллар бағамының көтерілуіне қандай факторлар әсер етіп жатқанын түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2022 жылдың қыркүйегінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,9%-ға әлсіреп, бір доллардың құны 476,53 теңге болды», - деді Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, теңге бағамына, сондай-ақ басқа да дамып келе жатқан нарықтардың валюталарына АҚШ Федералды резервтік жүйесінің ақша-несие саясатын белсенді түрде қатайтуы, АҚШ долларының жаһандық нығаюы, геосаяси қақтығыстардың өршуі арқылы қысым жасалып жатыр.

«Икемді айырбас бағамын қалыптастыру валюта нарығының тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға көмектеседі», - деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.