Ұлттық банк дизайны өзгерген жаңа тиындарды шығарды (фото)

0
2 615


Ұлттық банк дизайны өзгерген жаңа тиындарды шығарды (фото)

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық банкі дизайны өзгерген жаңа тиындарды шығарды. 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік тиындар бүгіннен бастап қолданысқа берілмек, деп жазады kaz.nur.kz.

Тиындар дизайнына бірқатар жаңашылдық енгізілген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН» сөзі латынша «QAZAQSTAN» болып өзгерген.

Тиындардың артқы жағында «QAZAQSTAN» жазбасы бар елтаңба мен «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген сөз бар.

Жаңа тиындар. Фото: Ұлттық банк

Тиынның бет жағында «TEŃGE» деген жазба мен банка-эмитенттің қысқаша «QUB» (Qazaqstan Ulttyq Banki) атауы жазылған.

Металлдың салмағы, диаметрі мен қоспасы өзгеріске ұшырамаған.

Жаңа тиындар. Фото: Ұлттық банк

Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиындардың жаңа дизайнын осы жылдың 29 наурызында мақұлдаған.

Оған қоса, Ұлттық банк жаңа тиындардың шығуы төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканың қайта жөндеуді талап етпейді. Жаңа тиындармен барлық төлемдерді іске асыруға болады.