Ұлттық банк доллар алудағы қиындықтар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0
599

Қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуында.


Ұлттық банк доллар алудағы қиындықтар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ұлттық банк Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері мен банктерде қолма-қол доллар алудағы қиындықтар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Айырбастау пункттері мен екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақша сатуға немесе беруге қойылатын шектеулерге қатысты өтініштерге байланысты Ұлттық банк Қазақстан Республикасында шетел валютасындағы операциялармен шектеулер туралы қаулыларды немесе өзге заңға тәуелді актілерді қабылдамағанын хабарлаймыз", - делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.

Қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуына, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланысты.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк Федерал резерв жүйеден - АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтап жатыр. Сондай-ақ, долларлық қолма-қол ақшаны уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз", - деп толықтырды ведомство өкілдері.