Ұлттық банк жеңілдікпен кредит беру үшін қаржыландыру лимитін белгіледі

0
917

​Бұған дейін Ұлттық банк пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін қосымша 200 миллиард теңге бөлген еді.


Ұлттық банк жеңілдікпен кредит беру үшін қаржыландыру лимитін белгіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық банкі төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдікпен кредит беру үшін екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру лимитін белгіледі, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банктің ақпаратынша, күзде пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі бағдарламаны одан ары іске асыру үшін қосымша 200 миллиард теңге бөлінді.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенінде қызмет ететін кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындарды қамту деңгейі кеңейді. Бағдарламаның мерзімі осы жылдың соңына дейін, ал қаржыны игеру мерзімі 2021 жылдың 31 наурызына дейін ұзарды.


"Екінші деңгейлі банктердің бөлінген қаржыны тиімді игеруіне жасалған талдау негізінде банктерді қаржыландырудың лимиті белгіленді. Қаржыландырудың жаңа лимиті мұның алдында қосымша бөлінген 200 миллиард теңгені есепке ала отырып, белгіленген", - делінген хабарламада.


Енді әр екінші деңгейлі банктің өз қаржыландыру лимиті бар. Қаржы ұйымдарының толық тізімі және олардың лимитімен мына жерде танысуға болады.