Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағы бір қылмыстық топты ұстады

0
485

Қылмыстық топ бірнеше аймақта ірі көлемде көкнәр шикізатын сатуды ұйымдастырған.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағы бір қылмыстық топты ұстады

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы кезінде ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыстық топ бірнеше аймақта ірі көлемде көкнәр шикізатын сатуды ұйымдастырған. Петропавл қаласында бірнеше адам ұсталды. Барлығы қылмыстық топтың көмекшілері болып шықты. Олардан 5,5 тоннаға жуық апиын тәркіленді.
Арнайы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында курьер 1 тонна көкнәр шикізатын алып жатқан жерінде қолға түсті. Ал Қарағанды қаласында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары ұсталды. Олар жалға алған қоймаларда 10 тоннадан астам есірткі шикізатын сақтаған.
Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес, есірткі Қазақстан аумағына тамақ өнімдері ретінде шетелден жеткізілген. Сосын есірткіге тәуелді ортада сатылған.
"Оған қоса, тінту кезінде күдіктілерден жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақша тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Жалпы, арнайы операция аясында 16 тоннадан астам есірткі шикізаты тәркіленді.