Ұлытау облысында екі қыз бала суға батып кетті

0
481

10 және 13 жастағы қыздардың денесі судан шығарылды.


Ұлытау облысында екі қыз бала суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында екі қыз бала суға батып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 маусымда Жаңаарқа ауданындағы Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасында болған.

Сүңгуірлер 10 және 13 жастағы екі қыздың екіншісінің денесін бүгін судан алып шыққан. Ал біреуінің денесін кеше, 20 маусымда тұрғындар алып шыққан. Қыздардың суға неліктен киіммен түсіп кеткені белгісіз. Болжам бойынша олар су жанында ойнап жүріп, тік жардан суға құлап кеткен.

«Бүгін таңертең екінші қыздың мәйітін судан шығарды. Ал тағы бір қызды жергілікті тұрғындар судан алып шыққан болатын. Қазір өлімнің мән-жайын полиция анықтап жатыр», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.