Ұлытау облысында шаруа қожалығының басшысын өлтірген адам ұсталды

0
413

Күдікті кісі өлімінен соң атқа мініп қашқан.


Ұлытау облысында шаруа қожалығының басшысын өлтірген адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалық басшысын өлтіру фактісін "ізін суытпай" ашты, деп жазады inbusiness.kz.

31 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне Ұлытау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан қыстаудан 46 жастағы шаруа қожалығы басшысының зорлық белгілері бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған шаруа қожалығының 45 жастағы қызметкерін анықтап, ұстады.

Күдікті шаруа қожалық басшысымен өзара жанжалдасу кезінде өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады. Қылмыс орнынан атқа мініп қашып, ізін жасырмақ болғанымен, полиция қызметкерлері көп ұзатпай далада қолға түсірді.

"Айғақты заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.