Үндістан студенттерінің Семейден алған дипломдары жарамсыз болып шыққан

0
673

Университет қызметкерлерінің жауапсыздығынан шетелдік жастар шарасыз күйге түсіп отыр.


Үндістан студенттерінің Семейден алған дипломдары жарамсыз болып шыққан

ERNUR.KZ. Семей қаласындағы медицина университетін тәмамдаған шетелдік студенттердің дипломы өз елдеріне барған кезде жұмысқа орналасуға жарамсыз болып шыққан, деп жазады altaynews.kz.

Семей мемлекеттік медицина университетінде білім алып, отандарына оралған үндістандық жастар жұмысқа орналаса алмауда. Себебі жоғары оқу орнын тәмамдаған 79 түлектің дипломдағы аты-жөндері дұрыс жазылмаған. Яғни білдей бір университет қарапайым орфографиялық қателікке жол беріп отыр. Осыған қайран қалған аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш университет ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс берді.

"Университет қызметкерлерінің жауапсыздығынан шетелдік жастар шарасыз күйге түсіп отыр. Енді олардың не істейтінін аңдып отырудың қажеті жоқ. Дереу іске көшіп, олқылықтың орнын толтырыңдар. Қажет болса, түлектерді қайта шақырып алып, дипломдарын түзетіп, қолдарына беріңдер" – деді Даниал Кенжетайұлына «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалы Саяси кеңес бюросының отырысында.