Үндістанда Қазақстанның 76 азаматы қалып қойды

2
952

Үндістан 15 сәуірге дейін барлық шекарасын жауып, әуе, жерүсті және судағы көліктердің тасымалына тыйым салды.


Үндістанда Қазақстанның 76 азаматы қалып қойды

ERNUR.KZ. Қазақстан Үндістанда қалып қойған 76 азаматты қайтару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Үндістанда қалып қойған 76 қазақстандықты қайтару мүмкін бе?» деген сұрақ түсті. Белгілі болғандай, Үндістан 15 сәуірге дейін барлық шекарасын жауып, әуе, жерүсті және судағы көліктердің тасымалына тыйым салды. Сондықтан, оларды қайтару жолдары мен датасы қарастырылып жатыр», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

Бұған дейін Дәурен Абаев карантин режимі күшейтілген кездегі көшеде жүру талаптарын түсіндірген еді.

Сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығады.