Университеттерде оқулықты планшеттер алмастыра ма - министрлік өкілі

0
472

Университеттерде оқулықтардың орнына планшеттерді қолдану бойынша іс-шаралар ұйымдастырлып жатқан жоқ.


Университеттерде оқулықты планшеттер алмастыра ма - министрлік өкілі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл негізінен Оқу-ағарту министрлігіне тиесілі. Өйткені, кітаптардың орнына планшет қолдану бастамасы көбіне мектеп оқушыларына бағытталған. Ол университеттерде негізінен мына «бұлтты есептеулер» бойынша қызмет табудың бір жолы ретінде қарастырылады. Ал оқулықтардың орнына планшеттерді қолдануды енгізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатқан жоқ», - деді Дархан Ахмед-Зәки.

Сонымен қоса, ол брифинг аясында интернет нашар ауылдарда тұратын студенттер сессияны қалай тапсыратынын айтты.