Университеттердің қабылдау комиссиясы талапкерлерге онлайн кеңес бере бастады

0
932

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz электронды үкімет порталында құжат тапсыруы қажет.​


Университеттердің қабылдау комиссиясы талапкерлерге онлайн кеңес бере бастады

Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары онлайн форматта кеңес бере бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Еліміз бойынша карантиннің ұзартылуына байланысты жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерге онлайн кеңес бере бастады. Кеңес өткізу орны (платформасы) мен уақытын университеттердің әлеуметтік желідегі аккаунтарынан білуге болады» деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау 25 шілдеге дейін созылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz электронды үкімет порталында құжат тапсыруы қажет.