ҰОС ардагерлеріне 300 мың теңгеден беруді жоспарлап отыр

0
991

Осы мақсатта бюджеттен 102 миллион теңге бөлінген.


ҰОС ардагерлеріне 300 мың теңгеден беруді жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Биыл Қызыл Армия мен кеңес халқының Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткеніне 74 жыл толады. Жеңіс күнінің қарсаңында Қарағандыда соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден берілмек, деп жазады Stan.kz.

Жеңіс күнінің қарсаңында Қарағандыда ҰОС ардагерлері, блокадада және тұтқында болғандарға 300 мың теңгеден берілмек. Бұл туралы 23 сәуірде қала әкімдігіндегі аппараттық жиналыста айтылды.

Осы мақсатта бюджеттен 102 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне де ақша беріледі.

Айта кетсек, бүгінде Қарағандыда 43 ҰОС ардагері бар.