Ургант "Грэммиге" ұсынылған Иманбекпен видео арқылы сөйлесті

0
565

Иван Ургант қазақстандықты жеңісімен құттықтады.


Ургант

ERNUR.KZ. Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Вечерний Ургант" бағдарламасына берген сұхбатында "Грэмми" номинациясы туралы қалай білгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Еске салайық, қазақстандықтың Roses SAINt JHN композициясы "Грэмми" (Grammy) сыйлығына ұсынылды. Осылайша Иманбек "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды.

Музыкань "Грэммиге" үміткерлердің тізімі жарияланған күні күні бойы қалада жұмыстарымен жүріп, кешке жазылушыларымен тікелей эфирге шыққанын айтты. Сол кезде олар Иманбекке қуанышты жаңалықты хабарлаған.

"Көрермендер маған жаза бастады. Алдымен сенбедім. Мен таңғалдым!", - деді ол.

Бұдан бөлек, сұхбатта Иван Ургант қазақстандықты жеңісімен құттықтап, Леонид Агутиннің әндерінің біріне ремикс жазуды ұсынды.




Айта кетейік, қазақстандықтың ремиксі YouTube хостингінде 117 миллионнан аса қаралым жинады. Ремикс Apple Music-тің топ ондығына кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан аса қаралды.

Сыйлықты тапсыру салтанаты 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.