Үш адам Каспий теңізіне батып кетті

0
482

Құтқарылған 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді, жағдайы бірқалыпты.


Үш адам Каспий теңізіне батып кетті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында үш адам суға кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасының бастығы Саят Батталов мәлім етті.

Оның айтуынша, 16 мамыр сағат 17.32 кезінде құтқару қызметіне куәгерлер хабарласып, Ақтау қаласының 4-мөлтекауданында, шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның Каспий теңізіне батып бара жатқанын жеткізген.

Оның біреуін сол маңдағы адамдар жағаға шығарып үлгерген. Үш адамды құтқару мүмкін болмады.

«Құтқару жұмысына қолайсыз ауа райы кедергі жасады. Күшті желден теңіз бетінде үлкен-үлкен толқындар көтерілді. Сондықтан қазір іздеу жұмысы тек теңіз жағалауында жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті азаматтық қорғау басқармасының бастығы.

Құтқарылған 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді, жағдайы бірқалыпты.

1999 жылы туған бір азамат пен Қарағанды қаласының 2 тұрғыны суға кетті. Олардың жеке басы анықталып жатыр. 19.58 кезінде Қарағандының бір тұрғынының денесі судан шығарылған.

Құтқарушылар суға түсуге арналмаған жерде шомылмаған жөн ескенін еске салады.