Үш облыста әлі де жолдар жабық

0
904

Мамандар азаматтарға ауа райының өзгерістерді бақылап отыруға кеңес берді.


Үш облыста әлі де жолдар жабық

ERNUR.KZ. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп жазады Тengrinews.kz.

Ақмола облысында 25 желтоқсанда сағат 09:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолының учаскесінде көліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында 25 желтоқсанда сағат 12:50-де ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты "Өскемен-Шемонаиха" автожол учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында 25 желтоқсанда сағат 09:30-да ауа райының қолайсыздығына орай (боран, көрінбеу) " "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолы (200-242 шақырым) учаскесінде жолдар жабылды.

25 желтоқсанда сағат 11:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) көліктің барлық түрі үшін "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1206-1135 шақырымы аралығы жабылды. обл.).

ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарға ауа райының өзгерістерді (метеорологиялық мәліметтер, смс-хабарлама арқылы көрсетіледі) бақылап отыруға кеңес берді. Ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауды сұрайды.