Үш жасар баланы ұрған еркек ауру болып шықты – Тараз

0
423

Таразда кішкентай баланы соққыға жыққан азаматтың психикалық ауытқуы бар болып шықты. Мамандар бүлдіршінді ұрған сәтте оның ауруы қозып кеткен болуы мүмкін дейді.


Үш жасар баланы ұрған еркек ауру болып шықты – Тараз

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Сұмдық оқиға адам қарасы көп жүретін қаладағы орталық көшелердің бірінде болған, деп жазады ktk.kz.


Елдің жағасын ұстатқан видеода ер адам самокат теуіп жүрген үш жастағы баланы бар күшімен ұрып құлатады. Артынша тебуге оқталғанда өзі құлап қалып, сол кезде әжесі немересін арашалап алады.

Бала ауыр жарақат алмаған, бірақ қатты қорқып қалған. Оны соққан күдікті Жамбыл ауданының тумасы болып шықты. Ақыл-есінің кемістігі бар ол емін жалғастыру үшін психдиспансерге жатқызылды. Десе де іс қозғалып, тергеу басталды.

"Бұл азамат шизофрения диагнозымен 2018 жылдан бері тіркеуде тұр. Екінші топ мүгедегі. Бірнеше мәрте стационарлық ем алған. 2021 жылдың қыркүйегінде бізден емделіп шықққан еді. Меніңше, баланы ұрған сәтте ауруы қозып кеткен", - дейді психиатр, Ғалия Елгембаева.