Үш жасар сәби Ақсайда 9-қабаттан құлап көз жұмды

0
1 122

Оқыс оқиға 8 сәуір күні орын алды.


Үш жасар сәби Ақсайда  9-қабаттан құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақсай қаласында тоғызыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар бала көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ұл бала 16 сәуір күні көз жұмды.

Оқыс оқиға 8 сәуір күні орын алды. 2015 жылғы бала Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде сегіз күн бойы есін жимай жатып, қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда үш жасар баланың тоғызыншы қабаттың балконынан құлап кеткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды.