Ұшақ апаты: Вице-премьер себебін айтты

0
895

"Бұл ұшқыштың қателігі немесе техникалық себептер"


Ұшақ апаты: Вице-премьер себебін айтты

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Алматыда болған әуе апатының алдын ала себептерін атады, деп жазады baq.kz.

"Бұл тек алдын-ала болжам... Ұшақтың артқы бөлігі екі рет ұшу-қону жолағына тиген. Бұл ұшқыштың қателігі немесе техникалық себептер", - деді Роман Скляр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Ол нақты себептерді арнайы техникалық сараптама анықтайтынын атап өтті. Сонымен бірге, ол ұшақ апатынан көз жұмғандар алдыңғы қатарда отырғандар екенін айтты.
Тексеріс жұмыстары барысында ұшақ қанатының ұшу жолына екі рет соғылғаны белгілі болды. Одан кейін әуе кемесі оңға бұрылып қақпаға соғылып, соңында үйге барып соғылған. Абырой болғанда үйде ешкім болмаған. Ұшақ екі жерінен бөлінген. Негізінен ұшақтың алдыңғы қатарында отырған пассажирлер қайтыс болды,-деді ол.
Қазір құтқару жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылдырылған.

Ауруханаға қазір 49 адам жеткізілді, оның он сегізі ауыр халде. Қалғандарына медициналық, психалогиялық көмек көрсетілуде. Жедел қоңырау шалу желісіне 600 астам қоңырау түсті,- деді Скляр.