Ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті

0
977

Бұл туралы әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.


Ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті

ERNUR.KZ. Алматы түбінбегі әуе апаты салдарынан қаза тапқандардың саны артты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Оқиға орнында 14 адам қаза тапты. Бір адам ауруханада көз жұмды", - деді ол Алматы халықаралық әуежайындағы баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін қаза тапқандар саны 14 екені хабарланған еді.

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.