Ұшақ ішінде электронды темекі тартқан әйел рейстен түсірілді

0
2 284

Көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен әйелді әуе рейсінен түсіріп алды.


Ұшақ ішінде электронды темекі тартқан әйел рейстен түсірілді

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 43 277 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін – 2 981, деп жазады zakon.kz.

Мәселен, ағымдағы жылдың 11 қазан күні Қарағанды қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне "FlyArystan" АҚ әуе компаниясының өкілінен "Алматы-Қарағанды" бағытындағы әуе кемесінің бортында құқық бұзушылықтың болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесі бортында электронды темекі шеккен 26 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Азаматша әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсірілді" - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 тармағы (әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.