"Ұшаққа мина қойылды" – Air Astana түсініктеме берді

0
1 193

​Air Astana-ның әуе рейсінде жарылыс қаупі туындағаны туралы мәлімет тараған болатын.


ERNUR.KZ. "Ықтимал жарылыс" туралы Air Astana толығырақ айтып берді, деп жазады Zakon.kz.

18 қарашада сағат 20:45-те Air Astana әуекомпаниясына басқа мемлекеттің аспаны арқылы ұшатын авиамаршрутта қауіп төнгені туралы хабарлама келіп түсті. Анонимді хабарламада авиакомпанияның атауы да, рейс нөмірі, күні немесе уақыты да көрсетілмеген, - деді компания.

Авиакомпания дереу қауіпсіздік шараларын күшейтіп, өзінің барлық рейстерінің келуі мен ұшуы бойынша қосымша тексеру жүргізді.

Қауіп туралы ақпарат расталмады. Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.