Үшаралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

0
709

Көлік қаладағы орталық көшелердің бірінде ағашқа соқтығысқан.


Үшаралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Үшаралда жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Үшарал қаласында болған. 18 қарашада BMW 530 автокөлігі қаладағы орталық көшелердің бірінде ағашқа соқтығысқан.

"Жол апатынан 23 жастағы жүргізуші мен жолаушы қаза болды. Тағы екі адам әр түрлі дене жарақатымен Алакөл аудандық ауруханасына түсті. Жол апатының мән-жайы тексеруден кейін белгілі болады", - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.