Үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болған бала Әзербайжанда жерленеді

0
868

Қостанайда футбол қақпасы құлап, оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім зардап шеккен болатын.


Үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болған бала Әзербайжанда жерленеді

ERNUR.KZ.16 жастағы Намик Шириновті туған жері Әзербайжанда жерлейді, деп жазады baq.kz.

Дүйсенбі күні Намик Шириновті Нұр-Сұлтандағы ауруханаға ауыстыру жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, Намик Ширинов 14 шілде күні таңертең облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

"Қостанай әкімдігі Намик Шириновті туған еліне тасымалдау жұмыстарын толықтай мойнына алды, сондай-ақ баланың жақындарына материалдық көмек беруге дайын екендерін жеткізді. Қала әкімі Намиктің ата-анасына көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 28 маусым күні Қостанайда футбол қақпасы құлап, оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше ота жасалды. Дәрігерлер баланың халі ауыр, ішкі органдарына зақым келген, тіпті ол өздігінен тыныс ала алмайды деген еді.