Үстіне қайнап тұрған су шашып жіберген: Зардап шеккен әйел оқиғаның мән-жайын айтты

0
339

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.


Үстіне қайнап тұрған су шашып жіберген: Зардап шеккен әйел оқиғаның мән-жайын айтты

ERNUR.KZ. Алматыда көршісі үстіне қайнаған су шашып жіберген әйел оқиғаның мән-жайын айтты. Сөзінше, көршісінен пешті босатуын сұраған. Бұған жауап ретінде ол үстіне су шашып жіберіпті, деп жазады stan.kz.

Анар қазір көршісінің бостандықта екенін айтады. Болған оқиғадан кейін ол полицияға арыз түсірген.

"Мен "Тәте, кәстрөлді аласыз ба?" дедім. Не қайнатып жатқанын білмеймін. Қазір ол бостандықта жүр, түсінесіз бе? Одан қорқу керек. Ұлы бар, оны сыртынан жауып кетіп қалады. Түнде жұмыс істейді. Мұның барлығына жауап бергенін қалаймын", – дейді Анар.

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Анар екінші деңгейдегі күйік алған. Толығымен жазылу үшін ұзақ уақыт керек екен. Ресми еш жерде жұмыс істемейді. 1,5 жасар қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жатақханалардың бірінде әйел көршісінің үстіне қайнап тұрған су шашып жібергені туралы хабарлаған едік.