Ұятсыз видеодағы еркек пен әйелдің кім екені анықталды

0
1 752

Құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.


Ұятсыз видеодағы еркек пен әйелдің кім екені анықталды

ERNUR.KZ. Ақтауда тапа-тал түсте 26 ықшамауданындағы үйдің ауласында елдің көзінше жыныстық қатынасқа түскен еркек пен әйелдің кім екені анықталды, деп жазады Zakon.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұятсыз видеоның "кейіпкерлері" үйсіз-күйсіз жандар болып шықты.

Оларға қатысты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни "Ұсақ бұзақылық" хаттамасын толтырды. Бұл істің қағазы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі.

Құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.